Қытай әскери потенциалын арттырмақ

Стратегиялық әскери потенциалды арттырамыз


17/10/2022
14:13 26830 0

Пекинде Қытай коммунистік партиясының бес жылда бір рет өтетін құрылтайы болды. Жиында мемлекет басшысы Си Цзиньпин тез арада әлем деңгейінде әскер жасақтауға үндеді.

 

Әскери теория, әскери қызметкерлер дайындығы мен қаруды модернизациялау үшін жылдам жұмыс істейміз. Стратегиялық әскери потенциалды арттырамыз, деді Си Цзиньпин.

 

Бұдан бөлек, Си Цзиньпин даулы Тайвань жөнінде де мәлімдеме жасады. Онда ол Тайваньды бейбіт жолмен Қытайға қосумен қатар әскери күш қолдану жөнінде де айтты.

 

Тайваньмен бейбіт қосылуға күш саламыз. Бірақ күш қолданудан бас тартамыз деп ешқашан уәде бере алмаймыз. Қажет шара қолдануға құқығымыз бар, деді партия төрағасы.

 

Съезде Си Цзиньпин үшінші мерзімге сайланып, осылайша Мао Цзедун заманынан бері ең қуатты басқарушы мәртебесіне ие болды.

 

Тяньаньмэнь алаңының батыс жағындағы Үлкен залда өткен съезге елдің түкпір-түкпірінен 2300 делегат жиналды. Пекинде қауіпсіздік күшейген.

 

69 жастағы Си Цзиньпиннің билікте отырғанына он жыл болды. Бұған дейін ел конституциясынан төрағалықта екі мерзімнен артық отыруға болмайды деген пункт алынып тасталған еді.

Поделиться

Нет комментариев.

17/10/2022 14:13
26830 0

Уведомление